Фото: Optimism.kz
16–30 тамыз аралығында Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтеді. Додаға Бахрейн, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан және басқа да 26 елден 800-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Ult.kz.
Жасөспірімдер, жастар және ересектер екі апта бойы Shymkent Shooting Plaza спорт кешенінде тапанша, винтовка, жылжымалы нысана және стенд атудан жекелей және командалық сындарда бақ сынайды. Чемпионатта 700-ден астам медаль сарапқа салынады.
Байрақты бәсекеге Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Росси мен Азия нысана көздеу қауымдастығының президенті шейх Салман әл-Сабах бастаған спорт ұйымдарының жетекшілері келеді.
Жарыс Қазақстандық спорттық ату федерациясының ұйымдастыруымен және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.
