Фото: ашық дереккөз
Шымкентте ауа райының қолайсыздығы салдарынан ағаш құлап, бір бала қаза тапты, деп хабарлайды Ult.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиға қолайсыз ауа райы кезінде болған. Қатты желдің салдарынан құлаған ағаш баланы басып қалып, ол алған жарақаттарынан көз жұмған.
Оқиғаға байланысты қала әкімі арнайы комиссия құруды тапсырды. Қазір мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.
Әкімдік марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
