13 шіл, 2018 сағат 20:44

Шымкентте 45 жастағы әйел 12-қабаттан секіріп, мерт болды

Шымкентте 45 жастағы әйел 12 қабаттан секіріп, мерт болды. Қайғылы жағдай қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Куәгерлердің айтуынша, әйел Иляев көшесіндегі 37-үйдің 12-қабатында біраз уақыт отырған. Кейіннен сағат 12.10-дар шамасында  секіріп кеткен. Араға жеті минут салып, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі жеткен. Полицейлер шақыртылды.

Көпқабатты үй тұрғындарының сөзінше, марқұм бұл үйде тұрмаған. Яғни,  танымайтын болып шықты. Қазір оқиға орнында полицейлер куәгерлерден жауап алып, тергеу шараларын жүргізуде. 

12-қабаттан құлаған әйелдің жасы 45-те болып шықты. Оның соңында қалған заттардың ішінен беймәлім сұйықтық құйылған канистр табылды.

Әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК -нің «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен тіркелген

«Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайы анықтауда. Сотқа дейінгі тергеп - тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды»,- делінген хабарламада.