07 жел, 2023 сағат 13:35

Шығыс Қазақстанда әкімдік жүргізушісі мас күйде жол апатына түсті

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстанда мас күйде көлік тізгіндеген әкімдік жүргізушісі жол апатына түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" YK-news.kz порталына сілтеме жасап.

Жүргізуші ауылдық округтегі әкімдікте жұмыс істеген. Көлікті мас күйде басқарған ол электр бағанасына соғылған. Оқиға 4 желтоқсанда болған.

"Жол апаты салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілді. Залал ерікті түрде өтелді", - деп нақтылады жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарып, жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.