23 шіл, 2025 сағат 17:14

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Фото: ашық дереккөз

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 шілде Астана уақытымен 15 сағат 37 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ult.kz.

Эпицентр Қазақстан аумағында 793 шақырым жерде Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.

Сейсмологиялык зерттеу институтының ақпараты бойынша:

▫️Абай облысы, Көкпекті ауд., Көкпекті ауылы, 4 балл;
▫️ШҚО, Самар ауд., Самар ауылы, 4 балл;
▫️Абай облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, 4 балл;
▫️ШҚО, Ұлан ауд., Қасым Қайсенов к., 4 балл;
▫️Өскемен қаласы 4 балл;
▫️ШҚО, Глубокое ауд., Глубокое к., 3 балл;
▫️ШҚО, Күршім ауд., Күршім ауылы, 3 балл;
▫️ШҚО, Алтай ауданы (Зырян) 3 балл;
▫️Риддер қаласы (Лениногорск) 3 балл;
▫️ШҚО, Катонқарағай ауд., Үлкен Нарын ауылы, 3 балл;
▫️ШҚО, Шемонаиха ауданы, 3 балл;
▫️Абай облысы, Ақсуат ауд., Ақсуат ауылы, 3 балл;
▫️Абай облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, 2 балл;
▫️ШҚО, Тарбағатай ауд., Ақжар ауылы, 2 балл;
▫️Абай облысы, Аягөз ауданы, 2 балл;
▫️Абай облысы, Семей қаласы, 2 балл;
▫️ШҚО, Катонқарағай селосы 2 балл;
▫️Абай облысы, Абай ауд., Қараауыл ауылы, 2 балл;
▫️ШҚО, Құршым ауд., Буран ауылы, 2 балл;
▫️Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, 2 балл;
▫️ШҚО, Құршым ауд., Марқакөл ауылы, 2 балл;
▫️Абай облысы, Жаңасемей ауд., Жоламан к., 2 балл;
▫️ШҚО, Зайсан ауданы, 2 балл;
▫️Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылы, 2 балл;
▫️Абай облысы, Бесқарағай ауд., Бесқарағай ауылы, 2 балл;

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.