Жамбыл облысында "Астана-Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Оқиғадан жасөспірім қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Төрт адам зардап шекті. Бір жасөспірім қаза тауып, үш ересек адам орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Жолаушылар екінші жолмен Шу стансасына жөнелтілді. Қазіргі таңда оқиға орнында қандай да бір құжаттары мен заттары жоғалған адамдар ғана қалды", — деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Сәулекүл Мұнатаева.
Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов та оқиғаға қатысты ақпаратты растады.
Instagram-дағы kris_p_almaty тобында куәгердің видеосы жарияланды: бірнеше жолаушылар вагоны аударылып қалған, олардың терезесінен жолаушылар шығарылып жатыр.