Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерлер арасында 1 500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен.
Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды.
Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен.
Бұл - Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.