23 қаз, 2024 сағат 12:16

ШҚО-дағы ең ұзын көпірге қанша камера орнатылған?


Фото:t.me/KZgovernment


Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпір ашылды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 


Көлік министрлігі мәліметінше, көпірде 102 камера орнатылған: 62-сі көпірдің үстінде және 40-ы астында, олар нақты уақыт режимінде жұмыс істейді.


Алғашқы 24 сағат ішінде көпірден 1,5 мыңнан аса көлік өткен.


Еске салайық, көпірдің ұзындығы 1316 метр, ол тәулігіне 80 мың көлікті өткізуге қауқарлы. Көпір Шығыс Қазақстан облысының алты ауданын байланыстырады: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан.