Көрнекі сурет: pexels.com
"КАЖСервис" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.
"Тексеріс материалдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды. 2024 жылғы 30 қыркүйекте тексеріс жұмыстарының нәтижесі бойынша іс қозғалды", - делінген хабарда.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-б. 1-т. сәйкес қозғалғаны айтылады.
Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі тұрақты түрде жемқорлықпен күресу бойынша шараларды ұйымдастырып, компания ішінде ашық әрі адал ортаны құру мақсатында түрлі жұмыстарды атқарып, мемлекеттік органдар мен мекеме арасында өзара байланысты дамытып жатыр.