Табиғи-ландшафты қорық-музейінің өкілдері жаңа технология бойынша екі мыңнан астам балқарағай, майқарағай, шырша, қарағай, шетен мен қайың көшеттерін ботаникалық бақ, балалар қалашығы, қалалық жағажай және өзінің «Жібек жолы» кешенінің аумағына отырғызды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қорық-музейдің экологиялық білім беру бөлімінің меңгерушісі Ришат Адамовтың сөзіне қарағанда, музей директоры Николай Зайцевтің «Ағаш отырғыз» деген шарасын табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері құптап, екі мыңнан астам көшетті тегін берді.
Көшеттер ресейлік гидрогельді пайдалану арқылы жаңа технологиямен отырғызылды.