Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды "Ұл ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу әрекеттері барысында оның тұрғылықты жерінен діни әдебиеттер тәркіленген.
"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген. Оған ресми сақтандыру жарияланған. Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады.
Ведомство өкілдері экстремистік мазмұндағы Интернет-ресурстарға кіруден бас тартуды, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қоюды ұсынады.