- Курчатов қаласында ҚР Ұлттық ядролық орталығында «Семей сынақ полигоны, Радиациялық мұра және даму перспективасы» атты VII халықаралық конференция өтті.
Бұған әлемнің 16 елінен жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты, оның ішінде Ресей, АҚШ, Жапония, Қытай, Беларусь және т.б. бар.
Биыл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойған күніне 25 жыл толғаны белгілі.
ҰЯО бас директоры Ерлан Батырбеков пленарлық отырысты аша отырып, «Семей полигонының 40-жылдық қызметі - бұл бұрынғы Кеңес Одағы тарихындағы кезеңдердің бірі, оны жабу және полигондағы қызметтердің салдарын жою - егеменді мемлекет - Қазақстан Республикасы тарихының алғашқы парақтарының бірі» екенін еске салды.
«Мемлекет басшысының 1992 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен полигонды жапқаннан кейін бірден Семей сынақ полигоны кешені және Қазақстан аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен нысандар базасында Ұлттық ядролық орталық құрылды. Полигонда орталықты құрумен атом энергетикасы, радиоэкология саласындағы аса күрделі жаңа міндеттер шешіле бастады. Осы жылдары ҰЯО мамандары халықаралық әріптестерімен бірлесіп, ядролық сынақтар өткізу инфрақұрылымын жою бойынша күрделі проблемалар кешенін шешті, ядролық қару сынақтарының салдарын жою бойынша жұмыстар аяқталды, республикада атом энергетикасын дамыту үшін ғылыми-техникалық, технологиялық, кадрлық база құрылды», - деп атап өтті орталықтың бас директоры.
Әлемнің 16 елінен келген мамандар конференция жұмысының үш күнінде ядролық сынақтар мен апаттар орнын қоса алғанда, түрлі радиациялық-қауіпті нысандардың радиоэкологиялық жай-күйінің мәселелерін, өеркәсіптегі және медицинадағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын, ядролық қаруды таратудың тәуекелдерін төмендету, атом энергетикасының қауіпсіздігін дамыту мәселелерін қарады.
Конференция қатысушыларына ССП қызметінің тарихымен танысуға, ҚР ҰЯО эксперименталдық кешендеріне, «Тәжіибелі алаңға», Орталық мұражайына, ССП мен басқа да нысандарға барудың мүмкіндігі туды.