ҚР Президенті Телерадиокешенінің Telegram каналында Абайдың 150 жылдығы түсірілген 1995 жылғы видео жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Абайдың мерейтойы 25 жыл бұрын қалай тойланды?» деген тақырыппен жарияланған видеода Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семейге, Абай ауданына келгенін көруге болады.
«Еске түсіріп көрелік. Архивтен қазақтың ұлы ағартушысының 150 жылдығы тойланған бірегей кадрларды тауып алдық. 1995 жылды ЮНЕСКО Абай жылы деп жариялаған еді. Сол кезде Абайдың 150 жылдығы әлемнің 25 елінде аталып өткен», - деп хабарлайды ҚР Президенті Телерадиокешенінен.
Еске сала кетсек, биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Ұлы ақынды болашақ ұрпаққа дәріптеу, еңбегін ұлықтау мақсатында елде біршама іс атқарылып жатыр. Өңрілерде ақынның ескерткіштері бой көтеріп, Абайдың еңбектері шет тілдеріне аударылуда. Сонымен қатар таяуда мәдени-ағарту бағытындағы «Абай» телеарнасының тұсауы кесілген болатын.