01 нау, 2023 сағат 18:46

Шілде айында демалыс күндері ауысуы мүмкін

Сурет: inform.kz

Қазақстанда 2023 жылы елорда күніндегі демалыс күндерін ұзарту ұсынылды. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Қаулыда демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру ұсынылған. Осылайша, демалыс күндері ұзарады.

Түсіндірме жазбада бұл ұсыныс мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалғаны атап өтілген. Сонымен қатар, жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы ресурстарын талап етпейтіні және жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайтыны көрсетілген.

Демалыс күндерін елорда күніне ұзарту жобасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен көтерілген. Құжат жобасы 2023 жылдың 15 наурызына дейін қоғамдық талқылауда болады.