14 қар, 2023 сағат 12:29

«Шеврон» қолдаған жоба: «Толағай» толағай табыстарға жетті


Сурет: Кейіпкердің жеке архивінен

Бүгінде әлеуметтік көмек алатын көп балалы немесе мүгедектігі бар балалары бар аналар көп. Ондай әйелдер көбіне баласының өмірі үшін бәріне дайын болады. Осындай аналарға әлеуметтік көмек беруді мақсат еткен батыр ана Назгүл Насиева мұндай ортамен оңалту орталықтарына барып жүргенде тапқан. Баласының денсаулығын оңалту үшін оңалту орталықтарына барып жүргенде көптеген жағдайларға тап болған аналармен кездесті. Оларға қандай да бір әлеуметтік көмек беру үшін бизнестің идеясы келді. Бұл туралы кейіпкердің өзі Ult.kz порталына әңгімелеп берді.

Бүгінде ерекше балаларды қоғамға бейімдеу үшін, олардың күтімімен айналысатын аналарға сергектік сыйлау үшін «Толағай» жөргектерін нарыққа шығарып, қажет жандарға қолдау көрсетіп отыр.

«Өз баламның денсаулығын күшейтуге күш салып, күресіп жүргенде оңалту орталығында көптеген анамен пікірлес, сыйлас болдық. Сол кезде жағдайы бізден де қиын, денсаулығы нашар балаларды көрдім. Бұл ана үшін 10 есе ауыр жан жүрегіммен түсінемін. Осыдан кейін ерекше балалары бар аналарға мотивация беру мақсатында балаларды сапалы өніммен қамтамасыз еткіміз келеді деген шын пейілмен осы өндірісті бастадық. Жолдасым екеуміз не де болса осы балаларға пайдалы болатын зат шығарайық деп іске кірісіп кеттік.

Бізде өндіріс негізінен Жапония және Қытай елімен өзара келісімшарт негізінде жасалып отыр. Келісім шарт негізіндегі өнім. Біз оның технологиясын потенциалдық. Кәсіпті бастамас бұрын әбден зерттедім, аналармен сауалнама жүргіздім. Кәсіптегі бірінші нәрсе клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру ғой. Сондықтан біз ұсыныс беру арқылы сұранысты арттырғымыз келді. Ұсынысымыз – ерекше балапанның аналарына жақын болу.

Біздің өнім премиум сапалы өнім жапондық технологиямен жасалған өнім.  Біздің технологияда өз басым 20 жөргектері зерттеген шығармын. Ондай технологияны қолданбайды бізде», – дейді кәсіпкер Назгүл Насиева.

Айта кетерлігі Назгүл Насиева Әйелдер кәсіпкерлігі академиясының (AWE) түлегі. Ол кәсіп жолында үнемі ізденісте жүретінін жасырмайды. Өйткені кәсіп тоқтап тұрғанды көтермейді.

«Былтыр маусым айында Алматы қаласына Жамбыл облысының атынан форумда спикер ретінде қатыстым. Өйткені біз кәсіпте тек қана өндіріс емес, мақсатты аудиториямен жұмыс істегіміз келді. Соның нәтижесінде жоба ретінде Астана, Алматы қалаларына шығу мүмкіндігі туды. Форумға қатысар алдында әлеуметтік желіден Астана халықаралық қаржы орталығында ұйымдастыруымен өтетін академия өтініміне қабылдау жүріп жатқанын көрдім. Ойлана келе бақ сынап көруге бел байладық. 2022 жылы Кәсіпкер әйелдер академиясында (AWE) оқуға ниет білдіріп, оқуымды сәтті аяқтадым. Кәсіпкер әйелдер академиясында белсенді оқығаным үшін Coca-Cola компаниясының грантына ие болдым. Оқу процесі құрылды. Академия бұл жетістікпен шектеліп қалмады, Марапаттау рәсімі кезінде АҚШ Елшілігінің өкілдері басқа да жобаларға қатысуға мүмкіндіктер бар екенін хабарлады. Бағдарламаның арқасында мен әлеуметтік кәсіпкер ретінде университетке бару мүмкіндігіне ие болдым. Америка Құрама Штаттары әлемдік аренада инклюзия саласын дамытатын бірінші ел, күшті маркетингтік стратегиясы бар ел ретінде!», – дейді кәсіпкер.

Осылайша кейіпкеріміз  бағдарлама қатысушысы, Ұлттық Түлектер желісінің мүшесі болады. Айта кетейік, биыл басталған AWE бағдарламасы бағдарламаның қазіргі түлектерімен жұмыс істеуге бағытталған. Соңғы екі жылда 130-дан астам әйел бағдарлама бойынша оқуды сәтті аяқтады, бұл олардың кәсіпкерлік бастамаларын одан әрі дамытуға көмектеседі.

Қыркүйек айында өткен АҚШ-тың Бас консулы AWE бағдарламасының демеушілері мен қатысушылары бас қосқан жиында Chevron компаниясы да екінші жыл қатарынан қатысу арқылы бағдарламаны қолдайтынын білдірген болатын.

«Біз әйелдердің өсуіне, білімдері мен дағдыларын дамытуына мүмкіндіктер бере отырып, біз ұлт пен әлемнің нығайып, төзімді болуына көмектесеміз деп есептейміз. Әйелдер табысқа жеткенде, отбасылар табысқа жетіп, елдер гүлденеді. Біз ішкі жағынан инклюзивті және әралуан қоғам құруды жалғастырамыз. Бізде болашақ көшбасшы болуға ұмтылатын әйел қызметкерлерге арналған бірқатар даму бағдарламалары бар. Біздің әйелдер жұмыс күшінің желісі мыңдаған әйелдер мен ерлерді қамтиды, олар жұмыста және үйде әйелдердің рөлін талқылау үшін үнемі сессиялар ұйымдастырады, ресурстарды, оқыту және тәлімгерлік мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді және идеялар мен үздік тәжірибе алмасу үшін маңызды платформа ретінде қызмет етеді. инклюзивті жұмыс орны», – деп бөлісті «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің адам ресурстары бөлімінің бас менеджері Әлия Қарымсақова.

AWE бағдарламасының Chevron серіктестігімен жалғасуы әйелдердің бизнестегі рөлінің артып келе жатқанын және олардың табыстарын қолдауға бағытталған күш-жігерін көрсетеді.

Осындай ірі жобалардан қолдау алған кейіпкеріміз Назгүл Насиеваның бүгінде кәсібі дөңгелеп тұр. Бастамашы кәсіпкер бұл сала әлеуметтік маңызды жоба болғандықтан «Толағай» жөргегін бренд ретінде қалыптастыруды мақста етіп отыр. Сонымен қатар кәсіпкер әйел, ана ретінде «Толағай» жөргені неліктен таңдау керегін былай түсіндірді:

«Біріншісі, әрине, біз максималды түрде барлық ең сапалы шикізатты қолданамыз деп шештік. Әрине, бұл арзан дүние емес, арзан шикізат емес. Қазір бағаның өзінің бізде өкінішке қарай, нарықта арзан тауар өте көп, бірақ сапасы да төмен. Сондықтан арзан өнімге өте үйреншікті. Сол себепті бізге премиум сапалы өнімді шығару сәл қиындау. Сол премиум сапалы өнімге келу үшін, әрине, үлкен тәжірибе керек. Толағай жүрегінің мүмкіндігі 3 есе артық, 100 пайыз баланың тыныштығы, ананың тыныштығы маңызды. Екіншіден, түнге толықтай шыдайды. Балаға ешқандай да зақым да келтірмейді. Ешқашан ешқандай да аллергия бермейді. Және де әрқашан құрғақ болып келеді. Сондай бір ерекше технологияны қолдандық», – дейді кәсіпкер Назгүл Насиева.

Жоғарыда аталған бағдарлама бизнес пен үкіметтің серіктестігі тұрақты экономикалық өсудің маңызды элементі болып табылатын әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға көмектесетінін көрсетеді. Бағдарлама аясында қатысушыларға тәлімгерлік қолдау көрсетіледі, онлайн-тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі аймақтарының бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Ақбота Мұсабекқызы