24 қар, 2022 сағат 13:40

Шетелге ұшу арзандайды – министр


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев келесі жылдан бастап шетелдік лоукостерлерді тартудың арқасында билет бағасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі кезде министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Бізде ұлттық оператор жұмыс істейтін сегмент бар. Сосын лоукостерлер сегменті бар. Дәл қазір біз ірі лоукостерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Қай компания екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ оларға "ашық аспан" аясында жолаушыларды алып кетуге рұқсат береміз. Мысалы, бір жақтан келеді де, Түркияға немесе Еуропаға алып кетеді. Ондайда билет бағасы әжептәуір арзан болады. Себебі лоукостердің қызметі пайдаланылады, оны келесі жылдан бастауды жоспарлап отырмыз", - деді Өскенбаев журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, лоукостердің қызмет деңгейі басқаша болады. Бірақ Қазақстан арқылы әлем бойынша танымал ірі лоукостерлер ұшады.

Айта кетері, лоукостер мен әуе компаниясының басты айырмашылығы сол, баға әртүрлі болады.