Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалаиев шетелдік азаматтарға бензин мен дизельге жаңа баға белгілейтін бұйрыққа қол қойды. Ал Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғандарға баға өзгермейді.
Бұған дейін Роман Скляр Энергетика министрлігіне басқа мүдделі органдармен бірлесе отырып, біздің отынның рұқсат етілмеген экспортын азайту үшін шекара маңындағы жанармай құю бекеттерінде жанармайдың әртүрлі бағаларын белгілеу тетіктерін әзірлеуді тапсырған болатын.
Мемлекет белгілейтін автожанармай станцияларында мұнай өнімдеріне бөлшек сауда бағасы мынадай болмақ:
▪ АИ-80 маркалы бензин — литріне 89 теңге;
▪ АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин — литріне 245 теңге;
▪ дизель отыны (жазғы, маусымаралық) — литріне 315 теңге.
Бұйрық 17 мамырда күшіне енеді.