10 қаз, 2018 сағат 09:01

Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі Алматыда өтеді

Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұратазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматы қаласында өтеді.

Шерхан Мұратазаны 11 қазан күні сағат 10.00-де М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады. Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді. Қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірге ұйымдастырады.

Қонақ асы бүгін, яғни 10 қазан күні, сағат 18-00-де Евразия мейрамханасында (Жолдасбеков пен Достық көшелерінің қиылысы) өтеді.

Айта кетсек, көрнекіт қаламгер Шерхан Мұртаза кеше Алматыдағы үйінде ауыр науқастан дүние салған болатын. Жазушы жақында ғана 86 жасқа толған еді.