Фото: yandex.kz
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шегірткеден келген шығын туралы мәлімдеді, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Министр осы мәселе бойынша өзі бүкіл облысты аралап жүргенін айтып:
– "Былтыр шегіртке 1,5 млн га жерге таралса, биыл препаратты уақытында алмағанның салдарынан 2,5 млн га аумаққа көбейіп кетті. Күзде зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде 2,5 млн ге жерге препарат керектігін түсіндік. Бірақ бекітілген бюджетте 4,2 млрд теңге ғана ақша болды. Осы мәселеде премьер-министр бізді қолдап, тағы 3,9 млрд теңге берді. Сондықтан, қаражат пен препарат жеткілікті", – дейді министр.
Қазір шегірткемен күреске 427 техника,36 ұшақ, 36 дельтаплан жұмылдырылған.
"Жалпы, бір ауылға шегіртке кіріп кетті, үлкен шығын келтірді деген дерек болмады. Бекітілген жоспар бойынша нақты жұмыс жалғасып жатыр", -деді Сапаров өз сөзінде.