Фото: Mike Roach/Zuffa LLC
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың америкалық Джефф Нилге қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Шавкаттың өзі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
"Қарсылас жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Қазіргі уақытта орнына басқа қарсылас табылғанын күтіп жүрмін. Бәрі файтердің деңгейіне, оның дайындығына байланысты. Қазір UFC ұйымымен келіссөз жүріп жатыр", - деп келтірді Рахмоновтың сөзін Naizadai.
Олардың жекпе-жегі 2023 жылдың 14 қаңтарында өтіп, Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC Fight Night 217 турнирінің негізгі кездесуі болуы керек еді.
Еске салайық, Нил жартылай орта салмақтағы файтерлер арасында UFC рейтингінде жетінші, ал Рахмонов оныншы орында тұр.