Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) алғаш рет жартылай орта салмақта UFC-дегі топ-15 қатарына енді. Оның есімі ұйымның сайтындағы ресми рейтингте пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
6 ақпанда "Номад" гайаналық Карлстон Харристі (17-5) нокаутқа түсірген болатын. Бұл - қазақстандықтың UFC аясында өткен үшінші жекпе-жегі.
Енді Рахмонов жартылай орта салмақтағы үздік 15 спортшы рейтингін қорытындылап тұр. Бұрын бұл сатыда "Кунг-фу патшасы" деген лақап атпен танымал ресейлік Муслим Салихов болған.
Бұл жаңалыққа Рахмоновтың өзі де әлеуметтік желіде пікір білдірген.
Еске салайық, Шавкат соңғы жекпе-жегі үшін 50 000 доллар көлемінде сыйақы алған еді.