Қазақстандық файтер Шавқат Рахмонов (15-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) күш сынасты. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Дегенмен отандасымыз қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді.
Осылайша Рахмонов кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлстон болса, бесінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, қазақ спортшысы барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.
Бұған дейін ол сабмишн әдісімен бразилиялық Алекс Оливейруды (22-11-1-2) және Мишел Празеристі (26-4) тізе бүктірген еді.