фото: sports.ru
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC 296 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болды.
Рахмонов жоспарланған үш раундтың екінші раундында қылқындыру әдісін сәтті пайдаланып, қарсыласын тізе бүктірді.
Осылайша қазақ спортшысы мансабындағы 18-ші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.
"Ассалаумағалейкүм, Қазақстан! Мен осындай жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күні. Сондықтан қуаныштымын. Кішкене қобалжып тұрмын. Рақмет үлкен. Әрине, Wonerboy - өте мықты қарсылас. Мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Өзімді титулға белдесуге лайықтымын деп ойлаймын", - деді Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейін.