18 мау, 2020 сағат 12:30

Шағын және орта бизнестің мәселелері ашық айтылуы керек - Мәулен Әшімбаев

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазіргі кезеңде шағын және орта бизнес саласында қалыптасқан қиындықтарға Үкімет те, Парламент депутаттары да баса маңыз беруі керектігін айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шағын және орта бизнесті әсіресе қазіргі таңда, коронавируспен күрес жүріп жатқан кезде дамытуда мәселелер барын түсінеміз. Маңызды проблеманың бірі – шағын және орта бизнеске қолжетімді қаражат бөлу. Есеп комитетінің баяндамасында Наталья Годунова осынау маңызды мәселеге ерекше аталып өткенін білесіздер. Жалпы егер қаржылдандыру болмаса – бизнес те дамымайды. Сол себепті кәсіпкерлер қолжетімді несиелік ресурстарға қатысты әлі де шағым айтып келеді. Экономиканы несиелеудің баяулау тенденциясы байқалады. Мұндай жағдайда ШОБ секторын қаржыландыру бастамасын қолдаймыз», - деді Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының отырысында. 

Парламент Сенатының Төрағасы әйтсе шағын және орта бизнеске қатысты басқа да мәселелердің ашық айтылуы керектігін еске салды.

«Егер біз олар туралы айтпасақ, ШОБ субъектілерінің жабылуымен бетпе-бет келуіміз мүмкін. Посткарантиндік кезеңнен кейін микрокәсіпорындардың жағдайы ушығып кетуі ықтимал. Сол себепті бәріміз тізе біріктіріп, Үкіметтің де, Ұлттық экономика министрлігінің де ұсыныстарын қарауға дайынбыз», - деді ол.