31 нау, 2020 сағат 19:25

Шағын және орта бизнес еңбекақыдан ұсталатын табыс салығынан 6 айға босатылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алдық. Кәсіпкерлерге көмек көрсету керек. Өйткені олар - экономикамыздың тірегі», - деп атап өтті Президент телеарна арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде. 

Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. 

«ШОБ өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын табыс салығынан босатуды тапсырамын. Мұндй қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды», - деді Мемлекет басшысы.