Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады, деп жазады Olympic.kz.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Серік 1/8 финалда америкалық Дюк Реганмен кездескен болатын.
Жекпе-жекте Теміржанов 0:5 есебімен қарсыласқа жол беріп, Токио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.
Айта кетелік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) пен Василий Левит (91 келі) Токио Олимпиадасымен қоштасты.