Срджан Благоевич "Астана" ФК бас бапкері болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" команданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибеге ие. Жұмыс істеген соңғы командасы - ақтаулық "Каспий", бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды.
Аталмыш маманмен келісім екі жылға жарамды. "Астана" футбол клубының ұжымы жаңа бапкердің келгеніне қуанышты және елорда командасындағы жұмысында сәттілік пен үлкен жеңістер тілейді", - делінген сайтта.
Айта кетейік, бұған дейін Андрей Тихоновтың "Астана" бас бапкері қызметінен кеткені хабарланған болатын.