13 ақп, 2025 сағат 16:36

Сенатор Бибігүл Жексенбай елімізде инклюзивті білім беру мамандары жетіспейтінін айтып, дабыл қақты

Фото: parlam.kz

Бибигүл Жексенбай өз депутаттық сауалында Қазақстанда инклюзивті білім беру саласындағы мәселелерге назар аударды. Депутат ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар санының өсуіне байланысты қолданыстағы ережелер мен жүйені қайта қарау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Соңғы он жылда мүгедектігі бар балалар саны 40%-ға артқан, ал олардың жәрдемақысына арналған мемлекеттік шығындар 50 есеге өскен. Соған қарамастан, бұл салада шешілмеген маңызды мәселелер бар:

  • Мамандандырылған мекемелер мен кадр тапшылығы: Білікті логопедтер, сурдо, тифло, олиго педагогтар жетіспеушілігі тек өңірлерде ғана емес, ірі қалаларда да байқалады.
  • Қызмет көрсету кезегінің ұзақтығы: Астана мен Алматыда маман қабылдауын 3 айдан бір жылға дейін күтуге тура келеді.
  • Білімге қол жеткізудегі шектеулер: Мүгедектігі бар балалардың 15%-ы мектепке дейінгі және мектептегі мемлекеттік қызметтермен қамтылмаған.

Бибигүл Жексенбай осы проблемаларды шешу үшін:

  1. Деректерді автоматтандыруды енгізуді, бұл статистиканы тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
  2. Ерте диагностика жүйесін дамыту.
  3. Маман даярлауды күшейту.
  4. Әлеуметтік қолдау шараларын арттыруды ұсынды.

Инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттырып, олардың бейімделуі мен оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл реформалар тек балалардың ғана емес, олардың отбасыларының да әл-ауқатын көтеруге ықпал етеді.