Семейдегі аспалы көпірде деформациялық жіктің орнында жарық пайда болды, деп хабарлады Abainewskz.
"Полиция қызметкерлері деформациялық жікті мұздан тазарту қажеттігі туралы әкімдікке ұйғарым жіберді", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.
Әкімдік мамандары ешқандай қауіп жоқ екенін, бірақ көпір тәулік бойы бақылауда болатынын айтты.