03 нау, 2025 сағат 11:06

Семейде соққыға жығылған балаға жаңа пәтер берілді

Ерікті Динара Садырбаева әлеуметтік желіде дәл осындай видео жариялады. 

«Кілтті алдық, енді Әлинұрдың өзінің шаңырағы бар. Пәтерге орналасып, бақытты өмір кешеді. Құттықтауларды қабылдаймыз»,- деп жазды ол. 


Сонымен қатар Динара Садырбаева қазақстандықтар Әлинұрға көмектесу үшін рекордтық 35 миллион теңге жинағанын, осы қаражатқа жаңа пәтер сатып алынғанын жеткізді.