29 қаз, 2020 сағат 12:13

Семейде өлкетанушы Абай өмірінің белгісіз деректері туралы баяндап берді

Семейлік өлкетанушы Шафкат Файзуллин татар өлкесінде ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың өзі тоқтаған үйді көрсетіп, ол жайында баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ш.Файзуллин Абайдың губернатордың үйіне барған кезде қабылдау бөлмеде аудармашы, орыс тілін жақсы меңгерген Жиналиев тегі бар Алтай қазағымен танысқанын баяндады. Әңгіме барысында ақын оның Ертіс жағалауында орналасқан үйіне тоқтауға шешім қабылдайды. 

«Мен татарлар туралы материал жинағанда, Жиналиевтің немере қызы маған Абай Туралы айтып берген. Татар өлкесінде оның атасы тұратын. Бірде әжесі оған Абайдың фотосуретін көрсетіп, оның Ибраһим екенін, солардың үйінде түнеп шыққанын айтты. Басқа егжей-тегжейлерін білмеймін. Жиналиевтің немере қызы қайтыс болған», - деп атап өтті өлкетанушы. 

Кезінде ұлы ойшыл тұрақтаған Чайжүнісов көшесіндегі үй әлі күнге дейін сақталып қалған. Өлкентанушы ҚазАқпарат тілшісіне бұл үйді көрсетті. Бұл – бірқабатты бөрене үй. Ш.Файзуллин. аудармашының Ғани есімді ұлы болғанын, сол кезде мал сатумен айналысқанын баяндады.

Айта кетсек, Абай мұражайы бұл фактіні растамайды, бірақ теріске де шығара алмайды. 

Еске сала кетсек, Семей қаласында «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражай үйі бар. Бұл үй 1898 жылы Әнияр Молдабаевтікі болған. Оған бұл үйді сатып алуға Абайдың өзі көмектесіп, кейін онда көп рет тоқтаған.