28 жел, 2023 сағат 11:35

Семей тұрғынынан сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді – видео

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі, коллаж: Tengrinews.kz

ҰҚК қызметкерлері семейлік тұрғыннан Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды тәркіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.

Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды" - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.


Фото: ҰҚК баспасөз қызметі