25 қар, 2016 сағат 13:28

Семей тұрғындарына эвакуация болуы мүмкін екені ескертілді

Семей тұрғындарына эвакуацияға дайын болу ескертілді. Ертістегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты онда су басу қаупі бар, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Қазір өзендегі су сыртқа шығып кетті, енді оның үйлерді басып кету қаупі бар. Бүгін Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тұрғындарға су басу қаупі бар екенін ескертіп, қауіпті елді мекендерді аралап, адамдарды эвакуацияға дайындап жатыр.

"Бүгін Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекендері су басуы мүмкін. Оның ішінде Әбдуәлі көшесі, Әбдуәлі қиылысы, Жібек жолы, Ақжол және Ертіс маңындағы басқа да көшелер бар. Осы көшеніің тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек. Оларға құжаттарын, ақшаларын және басқа да құнды заттарын дайындап қоюларына кеңес береміз", - деп хабарлады мамандар. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қазіргі уақытта өзендегі судың 412 сантиметрге жеткенін айтты. 

Еске салайық, бұл осымен Семейде осы жылы екінші рет болып тұрған жағдай. Су деңгейінің бірден көтерілуі қаңтар айында болған еді. Онда да тұрғындарға 30 градус аязда эвакуация болуы мүмкін екені ескертілген болатын.