09 қар, 2023 сағат 18:49

Семей орманындағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма – министр жауабы

Фото: primeminister.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл Абай облысы Семей орманы резерватында болған өрт әдейі жасалауы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Абай облысындағы орман өрті бойынша мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің арасынан құрылған арнайы комиссияның қорытындысы бар. Онда өртке себеп найзағай деп нақты айтылған. Найзағай түскен ағаш дәлелі бар. Біз ресми нұсқаны ұстанамыз. Қасақана өртеуге қатысты тергеу нәтижелерін күтейік, содан кейін түсінікті болады. Біз ормандардың әдейі өртеніп жатқаны туралы әңгімелерді үнемі естіп жатамыз», - деді Ерлан Нысанбаев ОКҚ-де өткен брифингіде.

Экология министрінің айтуынша, соңғы 30 жылда қасақана өртеу фактілері тіркелді.

«Біз оны жасырмаймыз, бірақ соңғы жылдары жаз өте құрғақ болды және табиғатты қорғау кәсіпорындары наурыздан қазанға дейін қарбалас режимде жұмыс істейді. Статистика көрсетіп отырғандай, өрттің 70%-ы далалық жерде тіркеледі. Одан бөлек найзағай себеп. Менің тәжірибемде Семей облысында жұмыс істеген кезімде тәулігіне 25 найзағай болуы мүмкін еді», - деп толықтырды ведомство басшысы.