Фото: Baq.kz
Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«8 наурыз күні Щучинск қаласындағы стационардың жансақтау бөлімінде зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Ал 9 наурызда Көкшетау қаласындағы ауруханада тағы бір науқас қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпан күні кешке Щучинсктегі «Палау орталығында» жарылыс болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмауы себебінен орын алған.
2 наурыз күні аталмыш дәмхана иесі ұсталып, 4 наурызда екі айға қамауға алынды. Қайғылы оқиғадан кейін Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін және газ қызметтерінің жұмысын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ профилактикалық рейдтер жүргізіп, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру міндеттелді.
