Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттiк органдардың үкiметтiк емес және қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен өзара iс-қимылы» тақырыбында көшпелi семинар өткiзiлдi, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Оңтүстік Қазақстан" басылымына сілтеме жасап.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне арналған бiлiктiлiктi арттыру мәселесiн талқылаған семинар Сайрам ауданындандағы «Ақсу демi» шипажайында ұйымдастырылды.
Төрт күндiк жиынға 30 мемлекеттiк қызметшi қатысып, бiлiктiлiгiн шыңдады.
ОҚО әкiмi аппараты мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығының басшысы З.Қабылбекова, Сайрам аудандық мәслихатының аппарат басшысы Ш.Тiлеуова, облыстық «Нұр Отан» партиясы мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi 4 бағыт бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң алдына қойылған мiндеттер бойынша дәрiс оқыды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңы, ҚР Президентiнiң 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы №152 Жарлығы бойынша жарияланған «Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру қағидаттары» аясында тыңдаушылар дәрiс тыңдап, өздерiне қажеттi мағлұмат алды.
Аудандар мен басқармалардан келген тыңдаушылар алдында «Қоғамдық-саяси мәселелердi шешудегi тиiмдiлiк» тақырыбында ОҚО әкiмi аппараты қоғамдық-саяси мониторинг бөлiмiнiң бас инспекторы Г.Боранбаева, Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ОҚО бойынша департаментi басшысының орынбасары А.Шiлманов, ОҚО әкiмi аппараты басшысының орынбасары Г.Асылбекова, Сайрам аудандық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы С.Сағындықов, «Б» корпусы қызметшiлерiнiң бүгiнгi таңда алдына қойылып отырған келелi мiндеттер мен жауапкершiлiк туралы әңгiмеледi.
Қатысушылар «Талаптыға нұр жауар» сайысын ұйымдастырды. «Галстуксiз кездесу» шарасында аудандық Мәдениет үйiнiң қызметкерлерi тыңдаушыларға концерттiк бағдарлама ұсынды. Жалпы, семинардың мақсаты – мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, кәсiбилендiру, мемлекеттiк органдардың қоғамдық-саяси ұйымдармен байланысын дамыту болатын. Аталған шара дiттеген межеден шықты.