Мексикалық бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альварес (57-1-2,39КО) супер орта салмақта IFB тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін 31 жастағы мексикалық боксшы Лас-Вегас (АҚШ) қаласында кезекті жекпе-жегін жергілікті боксшы Калеб Плантқа (21-1-0,12КО) қарсы өткізді.
«Канело» айқастың бел ортасынан шабуылды үдетіп, қарсыласын рингте қуып жүріп қысым жасады. Ал америкалық боксшы қорғанысқа көңіл бөліп, оппонентіне айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Қорытындысында Плант 11-інші раундтың басында ауыр соққыдан нокдаун алып қалды. Америкалық боксшы екінші рет құлағаннан кейін төреші жекпе-жекті мерзімінен бүрын аяқтатты.
Осылайша, Сауль «Канело» Альварес IFB тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын жеңіп алып, супер орта салмақта барлық чемпиондық белдіктерді біріктірді. Бұған дейін, мексикалық боксшы WBC, WBA, WBO және The Ring белдіктерін иеленген болатын.
Айта кетейік, «Канело» кәсіпқой мансабында жалпы 60 жекпе-жек өткізіп, төрт салмақ бойынша әлем чемпионы атанды.
Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1,36КО) мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы тең нәтижемен аяқталған еді. 2018 жылы қыркүйек айындағы екінші айқаста «GGG» төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.