Елімізде сәуір айында бензин бағасы 10,1 пайызға арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы осы жылғы төрт айда (2020 жылғы сәуір 2019 жылғы желтоқсанға) 12,5 пайызға төмендеді. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде 23,8 пайызға, төмендеп, өңдеу өнеркәсібінде 0,7 пайызға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 14 пайызғ арзандаса, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 2,3 пайыз қымбаттады», - делінген ҚР ҰЭМ Статистика комитеті таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы мазутқа - 34,3, мұнайға - 31,1, бензинге - 10,1, дизель отынына 6,8 пайыз төмендеді. Ал металл кендеріне - 9,4, табиғи газға - 9, сұйытылған пропан және бутанға - 4,9, көмірге 1,4 пайыз жоғарылады.
Бағаның мырышқа - 8,6, қара металдар илегіне - 5,6, мысқа - 4,1, қорғасынға 3,5 пайыз төмендеуі, асыл металдарға - 9,7, алюминийге 5 пайыз жоғарылауы байқалды.
Өндірушілер бағасының жармаларға - 6,9, мал етіне - 4,8, құс етіне - 0,9, бидай ұнына - 5,1, қара бидай ұнына - 3,6, шайға - 3,9, сүт өнімдеріне - 3,3, қантқа - 3,1, күрішке - 2,9, макарон өнімдеріне және өсімдік майына - 2,2, нанға 1,1 пайыз жоғарылауы тіркелді.