09 шіл, 2025 сағат 16:03

Сәтпаев Словениядағы стадионды үнсіз қалдырды


Фото:  «Қайрат» ФК

Словенияның Ekipa басылымы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Олимпия» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы ойынды шолып, әсіресе 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевты ерекше атап өткен, деп хабарлайды Ult.kz.

Мақалада ойынның екінші таймында «Олимпияның» басымдығына қарамастан, «Қайраттың» қорғанысы мықты болғаны, «Олимпия» шабуылда креатив пен жеке шеберліктің жетіспеушілігінен жазаланғаны айтылған.

59-минутта Жоржиньоның пасынан кейін Дастан Сәтпаевтың сабырмен гол соққаны, бұл сәтте «Стожице» стадионы үнсіз қалғанын басылым шолушысы назарға алған. Бірақ араға көп уақыт салмай, Олимпияның Диогу Пинту арқылы есепті теңестіргені баяндалады.

«Олимпия» жаңа маусымдағы алғашқы еуропалық сынға тап болды, Қазақстандық «Қайратқа» қарсы алғашқы матч тең нәтижемен (1:1) аяқталды. Қонақтар 59-минутта 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың арқасында алға шықты, ал Диогу Пинту сегіз минуттан кейін есепті теңестірді. Словения чемпиондары соңғы минуттарда жеңіске жақын болды», – деп жазады басылым.


Қарымта кездесу 15 шілде күні Алматыда өтеді. Бұл матч «Қайрат» үшін шешуші болмақ.