Фото: ашық дереккөз
Ол өз қалжыңдарын АҚШ президенттігіне үміткерлерге арнады.
Өткен демалыс күндері Джимми Фэллонның кешкі шоуында қонақ болған Борат рөлімен танымал комик әрі актер Саша Барон Коэн тағы да Қазақстанды әзілге қосты.
Шоудың негізгі тақырыбы АҚШ-тағы сайлау болды, бірақ Қазақстан туралы әзілдер болды. Бұл жолы "Қазақстанда мысық жейді және өлім жазасы бар" деген қалжыңдар айтылды.
"Мистер Трамп, сіз Огайода мысықтар мен иттер жейді деп айтасыз. Қай мейрамханада осындай тамақ беріледі? Сол жерде үстел брондауға бола ма? Біздің елде KFC – Kazakh Fried Cat бар", – деді Коэн қалжыңда.
Айта кетейік, дебатта Дональд Трамп егер президент болып сайланса, Огайо штатындағы Спрингфилд қаласынан гаитиліктерді жаппай депортациялауды ұйымдастыруға уәде берген еді. Ол мигранттардың америкалық үй жануарларын жейтініне сенімді екенін айтқан. Саша Барон Коэн әзілінде Трамптың осы мәлімдемесін меңзесе керек.