«Сарыағаш» шипажайын сату бойынша сауда-саттық 27 наурызда таңғы сағат 10-да басталады, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Емдеу-сауықтыру кешені электрондық сауда арқылы сатылады. Бұл ақпарат gosreestr.kz сайтында жарияланды. Бастапқы баға - 3 миллиард 414 миллион 181 мың теңге. Кепілдік жарна 500 миллион теңгені құрайды.
Келісімнің шарты бойынша сатып алушы нысанның нарықтық құнының 50 проценті көлемінде инвестиция құюы керек. Бұдан бөлек әлеуетті иеленуші жұмыс орындарын сақтай отырып, тағы 30 орын ашуы тиіс. Тендерлік шарттың тізімі 12 тармақтан құралған. Қазір шипажай ОҚО қаржы басқармасының теңгерімінде тұр.
Еске салайық, тендер 2017 жылдың 12 желтоқсанында мемлекеттік мүлік тіркелімінің вэб-порталында өтуі тиіс болған.