18 қар, 2022 сағат 11:14

Сарапшы Ербосынұлының денсаулығына қатысты жаңалықты бөлісті


ESPN арнасының сарапшысы және АҚШ-тағы белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлына (16-1, 11 КО) қатысты жақсы жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Өз дереккөздеріне сүйенген ол Айдостың медикаментозды комадан шығып, ес жиып жатқанын жеткізді. 

Екі аптадан кейін қазақ боксшының денсаулығы жақсара бастаған. Рафаэльдің сөзінше, Айдос қазіргі таңда сөйлей алатын деңгейге жетіпті және жүруге талпыныс жасаған.