Фото: gov.kz
Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Мақсат Қайрешов тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz."Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды.
Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады", -дедінген Қарағанды облысы әкімдігі хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары жылусыз отырғанын айтып, әлеуметтік желіде шағымданған.
Кейін Үкімет отырысында осы мәселе кезектен тыс көтеріліп, премьер-министр Олжас Бектенов осы жағдай бойынша Саранда тексеріс жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ, тексеру нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетінін жеткізген еді.
Сонымен қатар, Сарандағы жылусыз қалған тұрғындардың баспаналары қайтадан ескі қазандықтарға қосылғаны туралы ақпарат тарады.