Фото: www.instagram.com/boxingkazakhstan/
Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinformға сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар 4 алтын, 4 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынға ие болды.
Финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының ішінде Ернұр Қайрат (48 кг), Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг) және Диас Молжігітов чемпион атанды. Ал Сабыржан Аққалықов (71 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Данияр Рахымбердинов (92 кг), Олжас Боқаев (+92 кг) күмісті қанағат тұтты.
Аталмыш жарыста Қазақстан намысын 12 боксшы қорғады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сербиядағы халықаралық турнирде 8 қазақстандық боксшының алтын үшін таласатынын жазған болатынбыз.