Фото:madeniportal.kz
Әлеуметтік желіде ардагер футболшы Самат Смақовтың қызы Самира Смақова мен "Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза көңіл жарастырып жүргені туралы ақпар тарады. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
"Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матчтан кейін Самира Шерханға:
"Сен мен үшін әрқашан, барлық жағынан үздіксің. Нәтиже қандай болса да мен үшін нөмірі біріншісің! Мақтанамын! Саған жанкүйерлік еткенім соншалық, не істеп, не қойғанымды түсінбедім", – деген жазба арнады.
Бұл жас арудың алғашқы да соңғы жазбасы емес көрінеді. Шерхан Қалмұрза дебют жасап, «Спортингке» қарсы ойнағаннан кейін Самира оған қолдау білдірген жазба жариялаған.
“Дебютің құтты болсын, менің қаһарманым! Ең үздік бастама болды. Мен сенімен шексіз мақтанамын. Бұл тек басы ғана”, - деп жазған Самира Смақова.
Самира өзінің арманы — “Орталық стадионда сүйіктімнің ойынын көру” деген жазуын 2024 жылы күнделікке жазыпты, ал 2025 жылы оны жүзеге асырғанын көрсеткен видео жариялаған.
Самира Смақова мен Шерхан Қалмұрза кімдер?
Самира Смақованың гимнастикамен айналысатыны туралы ақпараттар бар: 2016 жылы бір сұхбатында Смақов “Қызым Самира гимнастикамен айналысады” деп айтқан.
2019 жылы ол “төрт құрлық чемпионаты” жарысында Қазақстан құрамасы құрамында өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған.
Ал “Қайрат” клубының ойыншысы Шерхан Қалмұрза 2007 жылы туған. 2025 жылдың 18 қыркүйегінде Лиссабондағы “Спортинг” клубына қарсы УЕФА Чемпиондар лигасының матчында дебют жасады, сонда пенальтиді қайтарып, назар аудартқан. Сонымен қатар Ш.Қалмұрза жақында "Қайрат" пен "Реал Мадрид" командалары арасындағы ойнда көзге түсіп, дереу танымалдыққа ие болды.
wikipedia мәліметтері бойынша Шерхан “Қайрат-Жастар” құрамында ойнап, кейін негізгі құрамға өткен.
