08 нау, 2021 сағат 14:40

Самат Нұртаза: Бүгінгі марш - ұлттық ұстанымдарға қарсы алғашқы соққы

 

 

Асылы, мен де әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсымын.  Мен де әйелдер құқығының бұзылуына қарсымын. Алайда, Алматыдағы бүгінгі әйелдер маршы құқықтары тапталған жандардың шеруін емес, феминистер қозғалысын ғана еске түсіреді.

Біздің арғы әжелеріміз, апаларымыз бен аналарымыз қай уақытта да жанұямыздың ұйытқысы боп, бір әулеттің түтінін түтетіп отырса да, айқайға сап, теңдікті талап етпеді. Өйткені саналы отбасында әр адамның өз рөлі бар. 

Жасылды ыстықпен салыстырудың қажеті жоқ. Бұл - екі бөлек дүниелер. Әйел мен Күйеудің ұқсас болуы мүмкін емес, олар - екі бөлек әлем һәм міндеттері де өзгерек.

Бүгінгі марш - бұл ұлттық ұстанымдарға қарсы алғашқы соққы. Қазақ әйелі - менің түсінігімде мүлде басқа құбылыс.

Бүгінгі марштағы әйелдер - Батыс менталитетімен "уланған" жандар. Бұл - менің жеке көзқарасым.

Самат Нұртазаның фэйсбуктағы жазбасы