06 қаз, 2025 сағат 15:07

Салтанат Нүкенованың есімі ел тарихындағы маңызды тұлғалар пантеонына енгізілді

Фото: Айтбек Амангелді

Отбасылық зорлық-зомбылықтан көз жұмған Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның көрнекті тұлғаларының пантеонына енгізілді. Бұл туралы марқұмның ағасы Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, өзі мен анасы Қостанай облысындағы «Амангелді» тарихи-мемориалдық кешеніне арнайы барған. Бұл жерде елдің дамуына үлес қосқан және тарихта өшпес із қалдырған тұлғаларға арналған пантеон мен мемориалдық қабырға орналасқан.

Пантеонда Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстан тарихында із қалдырған азаматтардың қатарында жазылып, естелік тақта орнатылған.

«Бұған дейін Павлодардан әкелінген топырақты осы жерге табыстаған едік — ол қазір капсулада сақтаулы. Салтанатты ел тарихына әсер еткен тұлғалар қатарынан көру – біздің отбасымыз үшін зор мәртебе», — деп жазды Айтбек Амангелді.