Қарағандыда 19-20 қыркүйек күндері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, әдебиетшілердің қарым-қатынасына арналған алаң «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар қазіргі әдебиеттің жетістіктерін, мәдени дәстүрлерін және жаңа трендтерді талқылайды.
Форум ұрпақтар байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Оған бүкіл елден атақты және жас ақындар мен жазушылар жиналады. Олардың арасында Исраил Сапарбай, Жүрсін Ерман, Несіпбек Айтұлы, Ғалым Жайлыбай, Қалқаман Сарин және тағы басқалары бар.
«Абай даналығы, Әуезов қауырсыны, Сәкен жолдары, Құрманғазының сиқырлы дыбыстары – бұл рухани мәдениетіміздің бір бөлігі ғана. Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әуеніміз, әдебиетіміз – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бізбен мәңгілік қалуы тиіс. Осыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы да көздеп отыр», - дейді ұйымдастырушылар.
Екі күндік бағдарлама пікірталастар, тұсаукесерлер және шеберлік сабатарға толы болады. Форум қонақтары Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсияға да барады.