ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шахан кентіндегі төтенше жағдайдың салдарын жою барысы жайлы баяндама тыңдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ТЖ салдарын жою бойынша шаралар жоспарын жүргізу барысы, сондай-ақ, қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың туыстарына және зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан көмек жайлы баяндады.
Премьер-министр ҚР ІІМ басшысына және облыс әкіміне Шахан ауылындағы жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.