15 мау, 2017 сағат 14:43

Сағынтаев: 2021 жылға дейін Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,5%-ға жетуі тиіс

2021 жылға дейін Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,5%-ға жетуі тиіс. Бұл туралы бүгін елордада басталған Астана экономикалық форумында ҚР Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Астана экономикалық форумының алғашқы сессияларының бірі Бүкіләлемдік банк жүргізген Қазақстанның жүйелі диагностикасының қорытындыларына арналды.

“Дүниежүзілік банктің арқасында біз елімізде 1300 шақырымнан астам жол салып, жаңарттық, Сырдария өзенінің арнасын, Арал теңізінің солтүстік бөлігін реттедік. Мұның бәрі бізге Арал маңы экологиясын жақсартуға мүмкіндік берді. Дегенмен өмір бір орында тұрмайды, жаңа теxнологиялар әдеттегі өмір дағдысына әсерін тигізіп жатыр. Экономика өзгеріп жатыр, жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер пайда болуда. Сондықтан бүгінде Қазақстан алдында жоғары міндеттер тұр, еліміз жаңа жаһандық шынайылықта дамуы тиіс. Қазір үкімет бес бағыт бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр: олар экономиканың жеделдетілген теxнологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаның түбегейлі жақсаруы, өнімді жұмыспен қамту, макроэкономикалық тұрақтылық және адам капиталының сапасын жақсарту. Бұл оңай міндет емес, біз мұны түсінеміз. Бұл міндетті орындау үшін 2021 жылға дейін кезең кезеңмен экономика өсімінің қарқынын 5,5%-ға жеткізуіміз тиіс”, - деп мәлімдеді Сағынтаев.

Осы орайда премьер-министр форум қатысушыларын Бүкіләлемдік банк пен Қазақстан ынтымақтастығына 25 жыл толуымен құттықтады.

“Біз прагматикалық шешімдерді бірлесіп табуға, жұмыстың жаңа форматы мен жаңа идеяларға мүдделіміз. Бұл тұста Бүкіләлемдік банк жүргізген Қазақстанның жүйелі диагностикасының қорытындылары біз үшін өте қызықты. Осы сәтті пайдаланып Қазақстан мен бүкіләлемдік банктің ынтымақтастығының 25 жылдығымен құттықтаймын. Біз ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз. Бүкіләлемдік банкпен маңызды мәселелерді шешу, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу, бәсекеге қабеліттілікті арттыру бағытында бірталай жұмыс атқардық”, - деп атап өтті ол.